02 наурыз 2022 15:15

Жүргізуші Алматы-Бішкек тасжолында жаяу жүргіншіні қағып өлтірді

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Алматы облысындағы тасжолда жүргізуші жаяу жүргіншіні қағып өлтірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірдің ПД-не сілтеме жасап.


Алматы облысындағы тасжолда жүргізуші жаяу жүргіншіні қағып өлтірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірдің ПД-не сілтеме жасап.

Полиция мәліметінше, жол апаты 1 наурызда Жамбыл ауданында болған. Алматы-Бішкек тасжолының 44-шақырымында Lexus GS-300 автокөлігінің 21 жастағы жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелін кесіп өткен әйелді қағып өлтірген. Ауыр жарақат алған жәбірленуші ауруханаға жатқызылғаннан кейін қайтыс болған.

"Қажет сараптамалар тағайындалғаннан кейін ҚР ҚК 345-бабы, 3-бөлігі ("Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін абайсызда адам өліміне әкеп соққан бұзушылығы") бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті қамауға алынды. Көлік тәркіленіп, автотұраққа қойылды", - делінген хабарламада.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ?? АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ПОЛИЦИЯСЫ (@police_almobl)

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.02   490.7   4.86 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети