17 қыркүйек 2021 09:04

"Қақпа жолға ұшып кетті". Қостанайдағы жеке тұрғын үйдің жертөлесінде жарылыс болды

Қостанайдағы жеке тұрғын үйдің жертөлесінде жарылыс болып, екі адам жансақтау бөліміне жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қостанайдағы жеке тұрғын үйдің жертөлесінде жарылыс болып, екі адам жансақтау бөліміне жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Куәгерлердің сөзінше, жарылыстың қатты болғаны соншалық қақпа жолға ұшып кеткен. Жарылысты естіген адамдар бірден көмекке келе бастаған.   

"Жұмыста отырғанбыз, қатты дауыс естідік - көрші үйде жарылыс болған екен. Жүгіріп шықтық. Адамдар тірідей өртеніп жатқанын көрдік, оларға көмектесе бастадық. Біреуі қатты күймеген, екіншісін өрттен құтқаруға кірістік, оның үстінде киімі болмады. Үшіншісі жертөледе жатты, менің түсінгенімше, жарылыс сол жерде болған. Не болғаны белгісіз, бірақ жарылыс қатты болғаны соншалық, қақпа жолға ұшып кетті", - дейді куәгер Александр Яшков. 

Артынша, куәгердің сөзінше, құтқарушылар жертөледегі ер адамды шығарған. Үшеуі де Қостанайдағы қалалық ауруханаға жеткізілді. 

"Алдын ала мәлімет бойынша газ баллоны жарылған. 1995 жылғы ер адамда күюдің үшінші деңгейі, денесінің 80 пайызын күйік шалған. 1984 жылы туған науқаста - 35 пайыз. Екеуі де жансақтау бөлімінде. Үшінші ер адам ауруханаға жатудан бас тартты", - деді облыстық Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің өкілдері.  

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети