Қапшағайда нашақор шенеунік ұсталды 05 қазан 2016, 09:36

Қапшағайда кәсіпкерлік бөлімнің басшысы Шыңғыс Ормышев ұсталды, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.
Шенеунікті ұстау кезінде ол психотроптық заттарды қолданған болып шықты. Медициналық сараптама шенеуніктің жұмысқа алдын ала жеңіл есірткілерді қолданып барғанын растады.
Сондай-ақ, Ормышевтың жеке көлігін тінту кезінде оның орындығының астынан кептірілген марихуана табылды. Этика жөніндегі кеңестегілер еңбек кодексіндегі ережелерді бұзғаны үшін нашақор шенеунікті жұмыстан шығаруға кеңес берді.