30 желтоқсан 2020 08:23

Қарағанды облысында 8 отбасы бір уақытта үйсіз қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды облысында 8 отбасы бір уақытта үйсіз қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Astana.tv арнасына сілтеме жасап.


Қарағанды облысында 8 отбасы бір уақытта үйсіз қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Astana.tv арнасына сілтеме жасап.

Телеарна мәліметінше, Жаңа жыл қарсаңында Қарағанды облысы Ақтас ауылындағы сегіз отбасы үйсіз қалды. Олардың ағаштан салынған екіқабатты үйі өртенді. Тұрғындардың жеке заттары жанып кетті. Оттың тез тұтанғаны сонша, адамдар әрең құтқарылды. Ешкімнің денсаулығына зиян келмеді. Алайда психологиялық тұрғыдан адамдар қиналып қалды. Бұл отбасылардың барар жері жоқ.

"Егер анам екеуміз пәтерде тағы бес минут қалғанда, шыға алмайтын едік. Ештеңе қалмады. Адамдарға үй керек, сегіз пәтер түксіз қалды. Сегіз отбасы", - деді Дилара Сосновская телеарна сюжетінде.

Өрт сөндірушілер үйдің шатырын тез сөндірді, бірақ құрылыстың ағаштан жасалған қабырғаларын іш жағынан ұзақ сөндірді. Өрт бір жарым сағаттан кейін ауыздықталды. Алдын ала мәлімет бойынша, өрт үй шатырының астында электр сымы тұйықталуынан шыққан.

Зардап шеккендердің арасында жалғызбасты адамдар мен зейнеткерлер бар. Олар арнайы сараптаманың қорытындысын күтіп отыр. Басқа тұрғындар азық-түлік пен тамаққа ақша беріп, көмектесіп жатыр. Бірақ төтенше жағдайға тап болғандар үшін баспана мәселесін шешу маңызды болып тұр. Әкімдіктегілер бәрі сараптаманың қорытындысына байланысты екенін айтты.

"Міндеттемелерді бөлу керек. Үйдегі барлық шаруашылық "Жарықтың" шаруашылығы емес. Ол үйге өткен, кіреберістегі сым. Тұрғындардың өзіне тиесілі. Олар инженерлік желілерді қадағалауы керек", - деді ауыл әкімі Нұрлан Садықов.

Егер өртке тұрғындар кінәлі болмаса, онда оларға мемлекеттік қордан пәтер беріледі. 
Жалпы алғанда Ақтастағы үйлердің көбі ескірген. Көпқабатты үйлерде пеш жағып, электр жылытқышпен жылынады. Сондықтан сегіз мың тұрғыны бар ауылда мұндай қауіп қала бермек.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети