08 маусым 2017 10:55

Қарағанды облысында браконьерлер инспекторларға оқ жаудырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды облысында браконьерлер инспекторларға оқ жаудырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Facebook желісінде Марғұлан Сейсенбаев хабарлады.


Қарағанды облысында браконьерлер инспекторларға оқ жаудырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Facebook желісінде Марғұлан Сейсенбаев хабарлады.

"Бүгін Ақбөкен ҚҚ территориясында инспекторлық қызмет атқару үстінде инспекторлар браконьерлермен қақтығысқанын айтып берді. Бір экипажға оқ жаудырған. Осыдан кейін қашып бара жатқан машинадан біздің көлікке қарай белгісіз зат лақтырды, сосын көлік өртенді. Адамдар зардап шеккен жоқ, тек киімдері бүлінді. Машина толықтай өртеніп кетті. Видеосы бар", - деп жазды ол.

Алайда, видеотіркеу құрылғысы мен камера өртеніп кетіпті. 

"Адамдар бірінші кезекте өз өмірін ойлады. Сосын ғана заттарды ала бастады. Браконьерлердің көлігінде нөмір болмады. Себебі браконьерлер далада нөмірмен жүрмейді. Әзірше көліктің сұр түсті Лэнд Крузер, 105-ші кузов болғаны белгілі. Жолсызбен жүруге арналып жасалған", - деп жазды ол.

Сонымен қатар, айтуынша, осы дерек бойынша өзіндік тергеу жүргізіліп жатыр екен. Сонымен қатар, бұл дерек полицияға хабарланады екен. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети