Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Қарағанды облысында жануарлар мүжіп тастаған екі ер адамның денесі табылды

30 Наурыз 2015, 17:56
1
©REUTERS
©REUTERS

Қарағанды облысында ен даладан түз айуандары мүжіп тастаған екі ер адамның денесі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәйітті Шет ауданының Қарамұрын ауылының тұрғындары тауып алыпты. "Біз бір ер адамның денесін тауып алдық, ол біздің ауылдан бес шақырым жерде жатты, сөйтіп полиция шақырттық. Олар даланы қарап жүріп, жүз метр жерден тағы бір ер адамның денесін тапты. Оның кейбір жері күйген. Полицейлер олардың ұзақ уақыт бұрын қаза болғандарын және қарда көп жатып қалғандарын айтты. Олардың денелерін түз айуандары мүжіп тастаған. Олардың жастары шамамен 30-35-те. Полицейлер ауылдың шамамен осындай жастағы тұрғындары жоғалмады ма деп сұрастырды. Бақытымызға орай, жергілікті тұрғындардың арасында із-түссіз жоғалғандар жоқ", - деді Қарамұрын ауылының тұрғыны Серік Сүйіндіков. Шет ауданының прокуратурасындағылар екі адамның денесінің табылғанын растады. Қосымша мәлімет беруден құпия тергеуге байланысты бас тартылды.

Бұған дейін Маңғыстау облысында жануарлар мүжіп тастаған ер адамның денесі табылған еді. Оны Түпқараған ауданы Таушық ауылынан 15 шақырым жерге малдарын жаюға шыққан малшылар тауып алды. Мәйіттің Баутино ауылының 50 жастағы тұрғынына тиесілі екені анықталды. Мәйітті оның туған ағасы таныды. Оның бірнеше уақыт бұрын үйінен шығып, хабарсыз кеткенін белгілі болды. Өлімнің қалай болғаны туралы тұжырымдар қарастырылып жатыр, оның үсіп қалуы және қаңғыбас иттердің тобыры шабуыл жасауы мүмкін.


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай