06 тамыз 2022 10:05

Қарағанды тұрғыны бетін қайтарып тастаған соң жігіт ізіне түскенін айтты

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

nippon.com nippon.com

Қарағанды тұрғыны бетін қайтарып тастаған соң жігіт ізіне түскенін айтты. Қыздың айтуынша, үш жыл бойы ер адам түрлі сайтта "интим қызметін ұсынады" деген жарнамамен оның суреттерін жариялап жүрген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қарағанды тұрғыны бетін қайтарып тастаған соң жігіт ізіне түскенін айтты. Қыздың айтуынша, үш жыл бойы ер адам түрлі сайтта "интим қызметін ұсынады" деген жарнамамен оның суреттерін жариялап жүрген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жәбірленушінің оқиғасын "НеМолчи.kz" қоғамдық қоры қызметкерлері әлеуметтік желілерде жариялаған. Жазбада ер адам үш жыл бойы қыздың өзін ғана емес, бүкіл отбасының ізіне түскені жазылған. Ол қыздың суреттерін түрлі топқа "интим қызметін көрсетеді" деген жазумен жариялап, оның үстіне қыздың телефон нөмірі мен мекенжайын көрсеткен.

"Қыздың қартайған ата-анасына күніне жүз сурет жібереді. Ол барлық жерде қыздары екенін айтып, қорқытады. Қыздың анасы ауруханаға бірнеше рет инсульт, қан қысымымен түскен. Әйел ауылдастарынан қызының осындай екені туралы көптеген шағым алады. Ол жылап, уайымдайды. Полиция оларды сотқа жіберген, бірақ мұнда қылмыстық құқықбұзушылықтың бірнеше құрамы бар. Полицейлер оны әлдеқашан орнына қойып, бұл отбасынан оқшаулай алар еді", - дейді қор өкілі.

Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі өкілі жәбірленушіге бірнеше рет қорғау нұсқамасы жазылғанын, сондай-ақ, материалдар сотқа жіберілгенін мәлімдеді.

"Бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 274-бабы "Көрінеу жалған ақпарат тарату" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ер адам мен қыз Полиция бөліміне жеткізілді. Тергеу жүріп жатыр", - деп толықтырды Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі өкілі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети