03 мамыр 2017 11:01

Қарағандыда 15 адам такси жүргізушісін битамен сабап тастаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

2 мамырда пышақ және битамен қаруланған бір топ жас жігіт такси жүргізушісіне шабуыл жасаған. Оқиға Молоков көшесіндегі "Одежда" дүкенінің маңында болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


2 мамырда пышақ және битамен қаруланған бір топ жас жігіт такси жүргізушісіне шабуыл жасаған. Оқиға Молоков көшесіндегі "Одежда" дүкенінің маңында болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Достарыммен бірге аулада отырғанмын. Жанымыздан бес жігіт жүгіріп өтті. Олардың бірдеңеген қорыққаны байқалып тұрды. Артынан қолдарында пышақ пен бита ұстаған 15 адам жүгірді. Жақын жерде жолаушысын күтіп, такси жүргізушісі тұрған. Қуғандардың бірнешеуі жүргізушіге келіп, қашқандардың артынан қу деп айғайлады. Ер адам шақыртумен келгенін, адамдардың қазір шығатынын айтты. Осы кезде олар көліктің терезелерін шағып, жүргізушіні соққыға жығып, қашып кетті. Кейінірек атыс болғаны естілді, - дейді куәгер Александра Симонова.

Федеровка ауылының тұрғыны Юлия Кузнецова да ұқсас оқиға туралы айтып берді: "Бірнеше секундта болды. Қолдарында бита ма, труба ма болды. Үш-төрт жігіт мерседеске жақындап келіп, "Ұр оны!", деп айғайлып, соққыға жықты. Сосын біреу оқ атты. Кейін үшінші автопарк жаққа қарай жүгіріп кетті". 

Қарағанды облыстық ІІД өкілдері шабуыл жасағандардың оқ атқанын жоққа шығарды. 

"Аталған дерекке қатысты "Бұзақылық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу басталды. Істің мән-жайы анықталып жатыр. Барық күдікті қолға түсті, олар тергеу абақтысында", - дейді ІІД-нің баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети