23 наурыз 2021 16:19

Қарағандыда асқан жылдамдықпен жүріп, апат жағдайын жасаған жүргізуші ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры Видео кадры

Қарағандыда полицейлер жолда жоғары жылдамдықпен жүріп, қарсы бағытқа шығып, апат жағдайын жасаған жүргізушіні ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қарағандыда полицейлер жолда жоғары жылдамдықпен жүріп, қарсы бағытқа шығып, апат жағдайын жасаған жүргізушіні ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу барысында Lada Priora көлігінде отырған екі жігіт жолда жоғары жылдамдықпен жүріп, қарсы бағытқа шығып, апаттық жағдай жасағаны анықталды. Видеоны полиция қызметкерлері зерттеді. Тәртіп бұзушыларды анықтау және ұстау бойынша Қарағанды ПБ патрульдік полиция полкінің барлық жеке құрамы жұмылдырылды.

Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері 18 жастағы қала тұрғыны басқарған Lada Priora көлігін анықтады. Көлік ата-анасына тиесілі болған. Жүргізуші сақтандыру бойынша көлік жүргізген", - деді Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі өкілдері. 

18 жастағы жүргізушіге қатысты екі әкімшілік хаттама толтырылды. Бірінші хаттама Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 596-бабы, 3-бөлігі бойынша толтырылды. Бап санкциясы бойынша жүргізуші алты ай мерзімге жүргізу куәлігінен айыруы мүмкін. Екінші хаттама Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 606-бабы, 1-бөлігі бойынша толтырылды және 10 АЕК не 29 170 теңге көлемінде айыппұл көзделген. 

"Көлік айып тұрағына жеткізілді. Қарағанды облысының полиция департаменті жүргізушілерден жол қозғалысы ережелерін сақтауды және жылдамдықты асырмауды сұрайды. 22 наурызда "Жезқазған-Сәтбаев" автожолында жылдамдықты асыру салдарынан жол апаты болып, бес адам қаза тапқан болатын", - деді баспасөз қызметінің өкілдері. 

Еске салайық, бүгін әлеуметтік желіде жеңіл көлік айдаған екі ер адам жолда жарыс ұйымдастырғаны туралы видео тараған болатын. Видеолардың бірінде тәртіп бұзушылар қарсы бағытқа шығып, көліктермен соқтығыса жаздағаны көрсетілген. Видео кадрынан оқиға Бұқар жырау даңғылында, Сity Moll сауда орталығының маңында болғанын байқауға болады. Куәгерлердің сөзінше, оқиға 21 наурызда сағат 14.10-да болған. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети