19 ақпан 2021 11:40

Қарағандыда аудан прокуроры орынбасарын қағып өлтірген жүргізушіге қатысты іс тоқтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: zi.ua Фото: zi.ua

Былтыр ақпанда Қарағандыдағы Осакаров ауданының прокуроры орынбасарын қағып өлтірген жүргізушіге қатысты қылмыстық іс тоқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Былтыр ақпанда Қарағандыдағы Осакаров ауданының прокуроры орынбасарын қағып өлтірген жүргізушіге қатысты қылмыстық іс тоқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жүргізушіге қатысты қылмыстық іс сарапшылар тұжырымы негізінде тоқтады. Олар жүргізуші жедел тежегішті басқан күннің өзінде өлімнің алдын-алу мүмкін болмайды деген қорытынды жасады. Оқиға Октябрь ауданындағы айналма жолдың жарықтандырылмаған учаскесінде болған. Марқұмның қызметте жүрмегені белгілі болды. Сол түні ол жаяу жүргіншілер жолы мұз бен қар болғандықтан жолдың жүріс бөлігінде жүрген.

"Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі "Абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы немесе көлік құралын пайдалану ережелерін бұзу" бойынша жүргізілді. Бүгінде тергеу тоқтады", - деді Қарағанды облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Ернат Қалиақпаров.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети