13 қазан 2021 13:58

Қарағандыда болған өлім: депутат шенеуніктерді жазалауға шақырды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандыда роупджампинг кезінде қайтыс болған әйелдің оқиғасынан кейін Мәжіліс депутаты Артур Платонов аттракциондардың техникалық жағдайын бақылауға жауап беретін шенеуніктерді жауапкершілікке тартуға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қарағандыда роупджампинг кезінде қайтыс болған әйелдің оқиғасынан кейін Мәжіліс депутаты Артур Платонов аттракциондардың техникалық жағдайын бақылауға жауап беретін шенеуніктерді жауапкершілікке тартуға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Тағы да аттракционда өлім болып отыр. Қарағандыдағы екі баланың анасы қайтыс болды. Абайсызда адам өліміне әкеп соққан "Қауiпсiздiк талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарын орындау не қызметтер көрсету" бабы бойынша қайтадан тергеу жүргізіліп жатыр.

Депутаттар адам өмірі мен денсаулық қауіпсіздігіне кепілдік берілмейтін демалыс, ойын-сауық парктерінің, аттракциондардың, балалар алаңдарының техникалық жай-күйін бақылау бойынша жедел шара қабылдау үшін Үкіметке бірнеше рет жүгінді. Олар олқылықтарды мойындап, Қазақстан аумағында аттракциондарға қойылатын талаптар Еуразиялық экономикалық одағының "Аттракциондардың қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентіне сай екенін мәлімдеді", - деді Платонов Премьер-Министрдің орынбасары Роман Склярға жолдаған депутаттық сауалында.

Ол Сауда және интеграция министрлігі ұлттық стандартты жүзеге асырғанын, ал аттракциондардың қауіпсіз пайдаланылуын бақылау жергілікті атқарушы органдарға бекітілгенін атап өтті. Бірақ ережелер тек қағаз күйінде.

"Қайғылы жағдайларды тергеу кезінде іс жүзінде барлық жерде пайдалану ережелерін өрескел бұзады. Жергілікті билік рұқсат бермегенін, нысан Кеңес заманынан бері келе жатқанын және басқа да себептер бар деп басын ала қашады. Ал не болып жатқанын оқиғадан кейін біледі. Сонда адамдардың өлімі мен жарақаттанғаны үшін кім жауап береді"- деп сұрады Платонов.

Депутат елімізде аттракциондарды маусым алдында және жоспарлы тексеру тәртібі бақыланбайтынын атап өтті. Техникалық куәліктер берілсе де, олар тіркелмейді. Аттракциондардың қауіпсіз жұмысын бақылайтын маман аттракцион иесінің немесе пайдаланушы ұйымның бұйрығымен тағайындалады. Яғни іс жүзінде олар өздерін тексереді.

"Шын мәнінде, нормативтік базаға қарамастан, елде жағдай өзгерген жоқ, балалар мен ересектердің өліміне әкелетін жауапсыздықты көріп отырмыз. Шенеуніктердің рұқсат алу үшін ешкім келмегені туралы сылтауларын естиміз, бірақ өздері де байқамаған сияқты.

Роман Васильевич, сізден өтінеміз:

  • қайғылы оқиғалардың одан әрі қайталануын болдырмау үшін балалар мен ересектердің қауіпсіздігіне, құралдардың сапасына, оған уақтылы техникалық қызмет көрсетуге жеке жауапкершілік жүктеп, барлық деңгейде жүйелі бақылауды қамтамасыз ету;
  • осы саланы бақылау бекітілген шенеуніктерді жауапкершілікке тарту;
  • әкімдік белгілеген нақты лауазымды тұлғаларды көрсетіп, әр аймақтағы аттракциондарды лицензиялау туралы деректерді ұсыну", - деп мәлімдеді депутат.

Еске салайық, 10 қазанда Қарағандыда роупджампинг кезінде 33 жастағы әйел қайтыс болған. Ол "Созвездие" қонақүйінің төбесінен секіріп, ауыр жарақат алған. Шұғыл түрде ауруханаға жатқызылып, бас сүйегінің трепанациясы жүргізілді, бірақ оны құтқара алмаған. Әлеуметтік желілерде видеолар тараған.

Бұл дерек бойынша полиция қылмыстық іс қозғалып, Қазақстан ҚК-нің 306-бабы 3-бөлігі абайсызда адам өліміне әкеп соққан "Қауiпсiздiк талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарын орындау не қызметтер көрсету" бойынша тергеледі.

Кейін марқұмның Шахтинск қаласының тұрғыны екені белгілі болды. 33 жастағы Евгения Леонтьева роупджампингпен айналысқан, бұл оның үшінші секіруі. Оған 30 метр биіктіктен секіруге арналған сертификат 4 қазанда туған күнінің құрметіне берілген. Секіру кезінде күйеуі оны төменде күтіп тұрды. Әйелдің екі баласы және қамқорлығына алған жиені бар.
Сарапшылардың пікірінше, Евгенийдің қайтыс болуына аттракционның бос кабелі себеп болған. Нұсқаушы түзетуге үлгермеген немесе ұмытып кетуі мүмкін. Аттракционды ұйымдастырушылар 4 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети