Қарағандыда бір жарым жасар қыз бес ине жұтып қойған

24 Қазан, 09:38
1
Қарағандыда бір жарым жасар қыз бес ине жұтып қойған - © 24.kz
© 24.kz

Қарағандыда бір жарым жасар қыз ине терапиясына арналған бес инені жұтып қойған, - деп хабарлайды "Хабар 24" телеарнасы.

Телеарна мәліметінше, ата-анасы шашылып жатқан құралдарды көріп, баланың мазасыздана бастағанына алаңдаған. Ауруханаға жеткеннен кейін дәрігерлер шұғыл операция жасаған. Үш ине сәбидің асқазанынан және тағы екеуі аш ішегінен шыққан. Операция сәтті аяқталды, ал бір жарым жасар қыз ауруханадан шықты. 

Дәрігерлердің сөзінше, биылдыққа асқазаннан инені алу операциясы екінші рет жасалып отыр екен. Бұған дейін дәрігерлер тігін инесін байқамай жұтып қойған 14 жастағы қызға операция жасаған.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай