24 тамыз 2018 09:52

Қарағандыда екі ер адам мен күзетшілердің арасында болған жаппай төбелестің видеосы таралды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Қарағандыда орталық базар маңында күзетшілер мен екі ер адам арасында төбелес шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қарағандыда орталық базар маңында күзетшілер мен екі ер адам арасында төбелес шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видео орталық базар маңында Бұхар жырау даңғылының бойында түсірілген. Видеодан күзетшілердің екі ер адамның соңынан қуалап бара жатқанын көруге болады.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, төбелестің шығуына қашып бара жатқан ер адамдар себеп болған.

"23 тамызда кешкі уақытта орталық базардың маңында орналасқан дәмханалардың бірінде келушілер мен дәмхана қызметкерлері арасында дау шықты. Нәтижесінде екі ер адам 35 жастағы қызметкерді ұрып-соққан, артынша базардың күзетшілері келген. Ер адамдарды ұстау кезінде олар қарсылық көрсеткен", - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Сондай-ақ, екі ер адамның ұсталып, қазір жауап беріп жатқаны айтылады. Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының 2-бөлігі бойынша тіркелді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети