24 шілде 2018 11:52

Қарағандыда қасақана жасалған өрттің шығыны 70 миллион теңгеге жетті

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

кадрлар бейнеден алынған кадрлар бейнеден алынған

Қарағандыда жиһаз дүкенін өртеді деген күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қарағанды облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Күдікті қамауға алынды.


Қарағандыда жиһаз дүкенін өртеді деген күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қарағанды облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Күдікті қамауға алынды.

"2018 жылдың 16 шілдесінде Оңтүстік-Шығыс полиция бөлімінің тергеу бөлімінде Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 202-бабы ("Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдiру") бойынша алдын ала тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелді", - деп хабарлады өңірлік Ішкі істер бөліміндегілер.

Полициядағылардың айтуынша, алдын ала тергеу барысында бірқатар сараптама тағайындалып, қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Жиһаз дүкеніндегі өрт 14-нен 15 шілдеге қараған түні болған. Дүкен басшылығы өрт шығынын 70 миллион теңге шамасында болатынын есептеді. "Біз шамамен 70 миллион теңге жоғалттық. Бұл дүкенді жөндеу жұмысына кететін қаржымен есептегендегі баға", - деді дүкендегілер. 

ТЖД өкілдерінің хабарлауынша, өрт 350 шаршы метр аумақты қамтыған. Кейінірек өрттің қасақана жасалғаны анықталған. Жиһаз дүкенінің әкімшілігі Instagram-дағы ресми парақшасында видео жүктеген. Онда газтұтқышпен бүркенген белгісіз адамның канистрдағы сұйықтықты ғимарат ішіне құйғаны көрінеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети