02 маусым 2018 09:33

Қарағандыда кезекке таласқан әйел талып қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© doctor-neurologist.ru © doctor-neurologist.ru

Қарағандыда кезекке таласқан келіншектердің бірі талып қалды, деп хабарлады КТК.


Қарағандыда кезекке таласқан келіншектердің бірі талып қалды, деп хабарлады КТК.

Телеарнаның хабарлауынша, Қарағандыда денсаулығында ақауы бар балаларды қабылдайтын орталықта ата-аналар шу шығарды. Себебі, мүгедек балаларға арнайы балабақша мен оқу орындарына жолдама беретін мекеме мамандарының көп адамды қабылдауға қауқары жетпей қалған. Салдарынан кезекте тұрған бір келіншек талып құлады.

Таңертеңнен кезекте тұрып, ағзасы сыр беріп талып құлаған әйелді жедел жәрдем алып кетті. Бұл осында сарғайып тұрғандардың ашуын туғызды. Айтуыларынша, мүгедек балаларына оқу -тәрбие және емдік орындарға жолдама алу жыл өткен сайын қиындап барады. Бұны орталық мамандары да жасырмайды. Бұрнағы жылдары ел бұл мекеме қызметіне онлайн түрде жазылып жүріпті. Кезегі жеткенде келіп тұрған. Қазір талап өзгеріп, ата-ана өздері келетін болыпты. Осыдан кейін ұзын-сонар кезектегі жұртқа азғантай маман қызмет көрсетіп үлгере алмайды екен.

"Қазір бір емес, үш орталықтың жұмысын атқарып жатырмыз деуге болады. Бұл оңай емес. Мемлекеттік мекеме болған соң бізге елді қадылдап, қарап шығуға арналған ыңғайлы ғимарат керек. Мамандар да жетіспейді. Әсіресе, невропатолог пен психиатрлар тапшы", - деді Қарағанды облыстық психолого-медико-педагогикалық консультациясының директоры Жанар Ержолова.

Дереккөз: КТК.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети