28 қаңтар 2019 16:49

Қарағандыда мектеп оқушысын сабағандарға қатысты жаңа дерек шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Қарағандының білім басқармасындағылар пиццерияда орын беруден бас тартқан баланы ұрып-соққан мектеп оқушыларына қатысты қызметтік тексеріс бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қарағандының білім басқармасындағылар пиццерияда орын беруден бас тартқан баланы ұрып-соққан мектеп оқушыларына қатысты қызметтік тексеріс бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қалалық білім басқармасының өкілдері қызметтік тексеріс бастағанын айтады. Сондай-ақ, полиция қызметкерлері төбелес шығарғандармен бөлек жұмыс істеп жатыр. Басқармадағылардың мәліметінше, бұл төбелеске № 16 орта мектеп пен № 101 мектеп-лицейінің оқушылары қатысқан.

"26 қаңтарда түскі уақытта № 16 орта мектептің 4-сынып оқушылары Язев көшесі, №11 үй мекенжайы бойынша орналасқан пиццерияға барғаны анықталды. Олардың бірі үстел басында отырған, ал қалған екеуі кассада тұрған. Содан оларға бір топ бала жақындап, үстелді босатуларын сұраған. Осылайша оқушылардың арасындағы жанжал көшеде төбелеске ұласқан. Жексенбіде кәмелетке толмаған балалар мен олардың ата-аналарымен жұмыстар жүргізілді. Бүгін № 16 және № 101 мектептерде кәмелетке толмағандар арасында ереже бұзушылықтарды алдын алу бойынша кеңестер жүргізіліп жатыр. Зардап шеккен баланың жағдайы қанағаттанарлық. Қазір үйінде", - деп хабарлады ведомстводағылар.

Қарағандыда 11 жастағы баланы сабаған жасөспірімдер анықталды

Еске салайық, соққыға жығылған баланың баланың анасы оқиғаның 26 қаңтарда сағат шамамен 15.00-де қаладағы пиццериялардың бірінде болғанын айтып берген еді. 

"Балам 11-де, ол пиццерияға достарымен бірге тамақтануға барған. Төртеуі. Тамақтанып отырған кезінде алты-жеті бала келіпті. Үлкендері де, жастылары да бар. Балам өзгелердің жанында үлкенірек көрінеді, спортпен айналысады. Пиццерияға келгендер оны семіз деп, орынды босатуын талап еткен. Балам тұрмай қойған. Бұдан кейін әлгі балалар ұлымды шығарып алып, төбелеске шақырған, балам төбелеске уақыты жоқ екенін айтқан, ата-анасымен қонаққа баратынын айтты. Ол ештеңе істемей тұрды, сонда балалардың бірі оған бетінен күтпеген соққы жасады. Ол құлады, қалған екі бала оны тепкілей бастады. Ұлымның достары кішкентай, ештеңе істей алмай, қарап тұрды", - дейді әйел.

Оқиға видеобақылау камерасына түсіп қалған. Видео кадрларынан құлаған баланы өзгелердің тепкілеп жатқанын көруге боалды. Қар үстіне тамған қан анық көрінеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети