Қарағандыдағы балабақшада студент қыздардың балаларды жұлқылағаны түсірілген видео пайда болды

29 Мамыр 2017, 12:04
0
Қарағандыдағы балабақшада студент қыздардың балаларды жұлқылағаны түсірілген видео пайда болды - © chita.ru
© chita.ru

Қарағандыда балаларға қаталдық танытқаны үшін жұмыстан қуылған педагогтан іс-тәжірибе жинақтаған студенттер де жазаға тартылуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық білім басқармасына сілтеме жасап. 

"Балақай" балабақшасында балаларға қатыгездік таныту дерегі анықталғаннан кейін Instagram желісінде екі қыздың балаларды қолдарынан жұлқып жүрген видеосы жарияланды. Видео балаларды ұрған педагог жұмыс істеген балабақшада, тіпті сол топта түсірілгені белгілі болды. 

Қалалық білім басқармасының өкілдері бұл видеоны қарауға алып, видеода жұмыстан қуылған педагогтан іс-тәжірибе алған екінші курс студенттері екенін мәлімдеді. 

"Бұл видео № 7 топтағы видеобақылау материалдарының бір бөлігі. Материалдар балабақша директоры ата-аналарға және Оңтүстік-Шығыс аудандық полицияға берілді. Видеодағы қыздар осы топта іс-тәжірибе жинақтаған колледж студенттері. Бұл топтың тәрбиешісі жұмыстан шығарылған, ол балабақша директорын студенттердің міндетін орындай алмай жатқанын және педогогикалық әрекетке жатпайтын амалдар қолданып жатқанын дер кезінде хабарламаған", - дейді білім басқармасының өкілдері. 

Сонымен қатар, балабақша әкімшілігі мен ата-аналар студент қыздарды оқудан шығару туралы колледжге хат жолдаған. Барлық дерек бойынша полиция тергеу жүргізіп жатыр. 

Еске салайық, мұның алдында Қарағандыдағы "Балақай" балабақшасының тәрбиешісі баланы ұрғаны үшін жұмыстан қуылғаны хабарланған. Тәрбиешінің баланы ұрып жатқан видеоны Denisa Denski атты қолданушы Instagram желісінде жариялаған. Осыдан кейін директор мен әдістемешіге қатаң сөгіс жарияланды. Ал іс материалдары құқық қорғау органдарына берілді. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай