31 қазан 2023 14:09

Қарағандыдағы қайғылы оқиға үшін Лакшми Миттал жазалана ма?

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Лакшми Миттал Фото: arcelormittal Лакшми Миттал Фото: arcelormittal

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевтан Костенко шахтасындағы 46 кеншінің қазасы үшін кәсіпкер Лакшми Миттал қандай жазаға тартылатыны сұралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевтан Костенко шахтасындағы 46 кеншінің қазасы үшін кәсіпкер Лакшми Миттал қандай жазаға тартылатыны сұралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Журналистер "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының басшысы, үндістандық кәсіпкер Лакшми Миттал Костенко шахтасындағы қайғылы оқиға үшін қалай жазаланатынын сұрады.

"Өздеріңіз білесіздер, нарықта сатылатын бас компания - "АрселорМиттал" осының салдарынан айтарлықтай шығынға ұшырады. Біріншіден, дүйсенбіде компанияның сатылымы 5,5 пайызға төмендегенін айтқым келеді.

Ол 21 миллиардтан 20 миллиард долларға дейін төмендеді, яғни "Арселор" қазір болып жатқан жағдайға байланысты кем дегенде миллиард доллар жоғалтты. Бұл бірінші кезекте Қазақстандағы қайғылы жағдайға байланысты. Сондықтан, егер жауапкершілікке тарту керек деп айтатын болсақ, экономикалық жауапкершілік қазірдің өзінде басталды", - деді Шарлапаев.

Заңды жауапкершілікке қатысты министр Қазақстан заңнамасы мен халықаралық құқық нормаларына сүйену керек екенін атап өтті.

"Осындай жағдайда осы мәселемен айналысатын және тиісті тексеру жүргізіп, оны Қазақстан заңнамасына сәйкес нәтижеге жеткізетін құзырлы органдар бар екеніне сенімдімін", - деп түйіндеді министр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети