1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Тосын жай

Қарағандылық тұрғын ХҚКО қызметкерлерін ұрды деп айыптады 21 қазан 2021, 12:02

Қарағанды ​​тұрғыны ХҚКО қызметкерлерін ұрды деп айтыптады. Ол ХҚКО қызметкерлерімен болған жанжалды телефонына түсіріп, оларды жазалауды талап
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

Видео кадры Видео кадры

Қарағанды ​​тұрғыны ХҚКО қызметкерлерін ұрды деп айтыптады. Ол ХҚКО қызметкерлерімен болған жанжалды телефонына түсіріп, оларды жазалауды талап етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видео авторы мен ХҚКО қызметкерлері арасында жанжал 20 қазанда болған. Видео авторы ол жерге бірінші топтағы мүгедек анасымен келгенін айтты.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Все события Караганды (@youtube_krg)

"Бүгін ХҚКО-ға куәлік алу үшін келдік. Кіреберісте есікті ашып, анамды кіргізбек болғанда ХҚКО қызметкері есікті жауып алып, мені ұрды", - делінген әлеуметтік желіде жарияланған видео сипаттамасында.

Видеоға қатысты Қарағанды ​​облысы ПД баспасөз қызметі пікір білдірген. Департамент 20 қыркүйекте Қарағанды ​​қаласының Оңтүстік-Шығыс полиция бөліміне 44 жастағы ер адам мен 66 жастағы әйелден арыз түскенін хабарлады.

"Олар жанжал кезінде ХҚКО ғимаратында оларға дене жарақатын салған қызметкерге шара қолдануды сұрады. Бұл деректер полицияда тіркелді. Өтініш берушілерге сот-медициналық сараптамадан өтуге нұсқау берілді. Тексеру барысында Ashyq жүйесінен өте алмауына байланысты олар ғимаратқа кіргізілмегені анықталды", - деді департамент өкілдері.

"Қазіргі уақытта бұл факт бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Қосымша ақпарат кейін беріледі", - деді "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының Қарағанды ​​облысындағы бөлімшесі өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Join Telegram