Каспийден жарты тонна балықты заңсыз аулағандар ұсталды

02 Желтоқсан 2014, 11:05
0
Каспийден жарты тонна балықты заңсыз аулағандар ұсталды - ©azh.kz
©azh.kz

Өткен демалыс күндері қазақстандық шекарашылар Каспийден жарты тонна бағалы тұқымды балықты заңсыз аулағандарды ұстады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Шекара қызметінің "Жағалау күзеті" өңірлік басқармасына қарасты "Еуразия" заставасының наряды Дамба елді мекенінің жанынан ағатын Жайық өзенінің бойынан еліміздің 4 азаматын ұстады. Олардың "УАЗ" автокөлігінен салмағы 320 кг болатын бағалы тұқымды балық табылды. 

"Тексере келгенде аталған азаматтардың теңізге шығуға рұқсат беретін қағазы болмай шықты. Ұсталғандар әкімшілік жазаға тартылды", - деп хабарлайды баспасөз қызметі. 

Дәл осы күні шекарашылар әлдекімдердің қамыс арасына жасырып кеткен балығын тапты, 89 дана балықтың жалпы салмағы - 68 келі, оның ішінде, ақмарқа – 32 келі, сазан – 36 келі.

Шекарашылар қамыс арасын теңіз полициясымен бірлесе қайта тексерген кезде ол жерден тағы 126 бас бекіре табылды, жалпы салмағы - 78 келі. Аталған деректер құқық қорғау органдарына хабарланды. Тергеу амалдары жүріп жатыр.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай