02 қараша 2017 15:26

Қайнап тұрған майды қызға шашып жіберген ер адам қамауға алынды - полиция

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сымбат Қозыбай © ktk.kz Сымбат Қозыбай © ktk.kz

Маңғыстау облыстық ІІД өкілдері сатушының қызметіне көңілі толмаған ер адамның қыздың бетіне қазанда қайнап тұрған майды шашып жіберуіне байланысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Осы іс бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары ҚР Қылмыстық кодексінің 393-бабы ("Бұзақылық") бойынша жүріп жатыр. 


Маңғыстау облыстық ІІД өкілдері сатушының қызметіне көңілі толмаған ер адамның қыздың бетіне қазанда қайнап тұрған майды шашып жіберуіне байланысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Осы іс бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары ҚР Қылмыстық кодексінің 393-бабы ("Бұзақылық") бойынша жүріп жатыр. 

"Күдіктінің кім екені анықталды, ол уақытша қамау изоляторына қамалды. Науқас ауруханадан шыққаннан кейін сот-медициналық сараптама тағайындалады. Сараптама қорытындысын алғаннан кейін дене жарақатының дәрежесіне байланысты күдіктінің әрекеттеріне баға беріледі", - деді Мұнайлы аудандық ІІБ басшысының орынбасары Нұрбол Бишеханов.

 

Дәрігерлердің айтуынша, Сымбаттың жағдайы ауыр. Ол өздігінен басын да көтере алмайды. "Оның беті, кеудесі, қолдары қатты күйіп қалған", - деді Маңғыстау облыстық ауруханасындағы травматология бөлімінің меңгерушісі Жансерік Шаухымбердиев. 

Сонымен қатар, күдікті өз кінәсін мойындағанын жеткізді. 30 жастағы ер адам қайнап тұрған қазандағы майды қасақана шашқанын жасырмады. 

Еске салайық, Маңғыстау облысында сатушының қызметіне көңілі толмаған ер адам қыздың бетіне қазанда қайнап тұрған майды шашып жіберген. Денесінің 30 пайызын күйік шалған Сымбат Қозыбайдың қазір жағдайы ауыр. Ал уайымға салынған Сымбаттың жақындарын алаңдатып отырған бұдан өзге тағы бір жағдай бар. Ол - полицейлердің іс-әрекеті. Айтуларынша, бойжеткеннің бетін адам көргісіз қылған жігіттің үстінен тек бұзақылық бабы бойынша іс қозғалыпты. Оның айыппұлмен құтылып кететініне сенімді жәбірленушінің туыстары енді прокуратурадан көмек сұрап отыр. 

Осы оқиғадан кейін беті мен мойны, аяқ-қолы, кеуде тұсы күйіп, ауруханаға түскен 20 жастағы Сымбат Қозыбай өзіне келе алмай жатыр. Оның айтуынша, өзін осы жағдайға душар еткен азамат таңғы 5-те асханаға келіп, сыра сатуды талап еткен. Сымбат заңды бұзудан бас тартқан кезде ер адам ыстық май құйылған қазанды қызға қарай теуіп жіберген.

"Спирт сатуға тыйым салынғанын түсіндірдім. Сол кезде тұрды да, майды бір тепті. Олар отбасымен кешірім сұрауға келді. Келгенде де кешірім сұраған жоқ, өз жағдайларын айтып кетті", - дейді Сымбат Қозыбай.

Бірақ Сымбаттың туыстары қазір қыздарының көркін құртқан азаматтан гөрі полицейлерге ашулы. Өйткені олар күдіктіні іле-шала ұстағанымен, аз уақыттан соң босатқан.

"Мен мына құзырлы орындардың жүргізіп жатқан істеріне қанағаттанбаймын. Қызымның жатысы мынау. Мұны бұзақылық дейді. Бұл 106-баптағы қасақана шабуылға жатады. Сол үшін құзырлы орынға бұл іс-шараға бей-жай қарауына жол бермеймін", - деді Сымбаттың әкесі Ахмет Ізтұрғанов.

Телеарна мәліметінше, бұл баппен жауапқа тартылғандардың айыппұлмен құтылып кетуі мүмкін. Бірақ полицейлер мұнымен келіспей отыр.  

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети