31 қазан 2016 10:38

Қайрат Нұртас жол апатына ұшырады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© vk.com/kairatnurtascom © vk.com/kairatnurtascom

Қайрат Нұртас жол апатына ұшырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әншінің анасы Гүлзира Айдарбековаға сілтеме жасап. Анасы бұл туралы Instagram желісінде жазды.


Қайрат Нұртас жол апатына ұшырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әншінің анасы Гүлзира Айдарбековаға сілтеме жасап. Анасы бұл туралы Instagram желісінде жазды.

Әлеуметтік желіде Қайрат Нұртастың анасы жол-көлік оқиғасына түскен көліктің суретін жария етті.

"Ия, расында Қайрат көлік апатына ұшырады, тура осы көлікте. Бірақ аман. Аяқтарына сəл зақым келген, Алла қолдап, əйтеуір сынбаған. Екі аяғын таңып алып Қазалыда халыққа еш білдірмей, əнін айтып кетті. Бəріңіз есітіп сұрап жатыр екенсіздер, инстаға кірсем халық уайымға салыныпты, сол себепті жауабымды беріп сіздерді уайымсыз болсын деп жазып отырмын. Əуелі Аллаға сонан соң тілеуін тілеген сіздерге аналық жүрегіммен АЛҒЫСЫМ ШЕКСІЗ! Сіздердің əрбір дұғаларыңыз Алланың құлағына шалынып, Қайраттарыңыз осындай апаттан тағыда аман қалды.Меніңде тілерім: əрбіріңіздің ұл-қыздарыңызға тек амандық, отбасыларыңызға қуаныш!", - деп жазды әншінің продюсері.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети