Қайыңдыға барар жолда автобус пен УАЗ соқтығысты: көлікте туристер болған

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото Facebook/Диас Нуракын Фото Facebook/Диас Нуракын

Қайыңды көліне бара жатқан жолда оқыс оқиға салдарынан төрт шетелдік турист зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл ақпаратты Алматы облысы Кеген ауданының әкімі Нұрбақыт Теңізбаев растады.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қайыңды көліне бара жатқан жолда оқыс оқиға салдарынан төрт шетелдік турист зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл ақпаратты Алматы облысы Кеген ауданының әкімі Нұрбақыт Теңізбаев растады.

"Осы апаттан төрт шетелдік турист зардап шекті - екі ресейлік және екі Үндістаннан келген турист. Олар жеңіл жарақаттанған. Жол-көлік оқиғасынан кейін бірден жедел жәрдем көлігімен Жалаңаш ауылындағы ауруханаға жеткізіліп, тексеріліп, көмек көрсетілді", - деді Теңізбаев.

Оқиға орнында 1986 жылы туған әйел қаза тапқаны белгілі болды.

"Екі автобус соқтығысқан. Бір автобуста 10 адам, екіншісінде 23 адам болды.Шағын автобуста болғандардың көбі зардап шеккен", - деп түсіндірді Кеген ауданының әкімі.

Сондай-ақ, ол Көлсай мен Қайыңды көлдеріне жыл сайын 200 мыңға жуық турист келетініне қарамастан, Қайыңдыға баратын жолдың сапасы өте төмен екенін мойындады. Ол Көлсай мен Қайыңдыдағы инфрақұрылымды қалпына келтіруге уәде берді.

Алматы облысы әкімдігінің мәліметінше, 5 қазанда Кеген ауданы, Саты ауылдық округінде Қайыңды-Саты таулы жолының 9-шақырымында 47 жастағы автобус жүргізушісі қарсы қозғалысқа шығып кетіп, жол апатына себеп болған. Ол УАЗ көлігімен бетпе-бет соқтығысқан.

Қазіргі уақытта Кеген аудандық ауруханасына 1 науқас, Шелек ауылының аудандық ауруханасына 2 науқас, Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасына 9 науқас жатқызылды. Науқастардың жағдайы орташа ауыр.

"Бұл дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық дерегі бойынша Кеген аудандық полиция бөліміне тіркеліп, қазіргі уақытта сараптама тағайындалып, қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Автобус жүргізушісі Кеген ауданындағы ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл мәселе Алматы облысы әкімінің бақылауында", - деп толықтырды әкімдік.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 522.13  course up  593.24  course up  6.42  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer