13 ақпан 2019 09:01

Қаза тапқан бес қыздың ата-анасы сұхбат берді

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

© youtube/TANIRBERGEN © youtube/TANIRBERGEN

Қазақстандық блогер, бұрынғы депутат Тәңірберген Бердоңғаров Астанада мерт болған бес қыздың ата-анасынан сұхбат алды. Ситер отбасымен болған әңгіменің видеосын блогер YouTube хостингіндегі арнасында жариялады.


Қазақстандық блогер, бұрынғы депутат Тәңірберген Бердоңғаров Астанада мерт болған бес қыздың ата-анасынан сұхбат алды. Ситер отбасымен болған әңгіменің видеосын блогер YouTube хостингіндегі арнасында жариялады.

Видеода отбасының бет-жүзі көрсетілмеген. "Балаларын жоғалтқан ата-ананың жағдайын түсінуге болады. Бірақ олар сіздерді алаңдатқан сұрақтарға жауап беруге қүш-жігер таба алды. Олар дұрыс жасады деп ойлаймын. Себебі осы уақытқа дейін желіде түрлі жалған ақпарат тарап кетті", - деді ролик авторы. 

Қыздардың әкесі Евгений Ситер сол қиямет түнде қайда кеткенін айтып берді. "Көлікті уақытылы жөндеп бітіре алмадым, екі апта кешіктім, оны ертесі өткізу керек еді, сондықтан түнде жұмысқа шығуға тура келді. Көлік иесіне кету керек болды, себебі күніне 20 мың теңгесін жоғалтып жатыр. Ондай сервис жоқ. Мен 20 жыл бойы көлік жөндеумен айналысамын, маған сенім артатын, әрдайым қиындық туса келіп тұратын тұтынушыларым бар", - деді ер адам.  

Еске салайық, 4 ақпанда түнде Сарыарқа ауданы Көктал-1 тұрғын алабында өрт шықты. Нәтижесінде 2006, 2009, 2014, 2016 және 2018 жылы туған бес бала қаза тапты. Бұл оқиға бүкіл Қазақстанды дүр сілкіндірген еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети