12 шілде 2021 15:12

Қазақстанда жоғалған өзбекстандық әйел табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда жоғалып кеткен өзбекстандық 39 жастағы Мехрибонби Юльчиева табылды. Бұл туралы ақпаратты Өзбекстанның Қазақстандағы елшілігі мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанда жоғалып кеткен өзбекстандық 39 жастағы Мехрибонби Юльчиева табылды. Бұл туралы ақпаратты Өзбекстанның Қазақстандағы елшілігі мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тілшіге берген сұхбатында Мехрибонби Юльчиева ақпанда қатты ауырып қалғанын айтты.

"Дене қызуым шамамен 40-41 градусқа дейін көтерілді. Төсек тартып жатып қалдым, тіпті сөйлеуге шамам келмеді. Карантинге жауып тастайды ма деп қорқып, ауруханаға бармадым. Бір жыл емес, бес ай байланысқа шықпадым. Телефоным болды, бірақ оны сатып жібердім. Мұнда әр қадамым үшін ақша қажет: баспана, тамақ, дәрі-дәрмек. Жақында қайта телефон сатып алдым, WhatsApp жоқ. Үйге оралуды да ойладым, бірақ бәрі шекарада карантинге жабады деп қорқытты. Қатты қорықтым", - деді ол.

Әйелден тұтқында болды ма және туыстары берген суретте кім ұрып-соқты деген сұраққа, ол мұның бәрі аурудың салдары екенін айтты.

"Ия, суретті көрдім. Ол суреттерді өзім жіберіп, аурып жатқанымды айттым. Мені ешкім ұрған жоқ. Суретте көзім көгерген сияқты көрініп қалған. Сондай-ақ, бір әйелде жұмыс істедім, ол мені Жамбыл облысына жұмысқа жіберді, есімде жоқ. Өйткені жолды көрмедім. Бірақ кейін Алматыға оралдым. Қазір көші-қон полициясынан шықтым. Тіркелу уақыты 5 шілдеге дейін екен. Енді айыппұл төлеуге тура келеді. Ақшам өте аз, жер аударғанын қаламаймын, балаларыма ақша керек", - деді ол.

Айта кетейік, жоғалып кеткен Мехрибонби Юльчиеваның туыстары редакцияға жүгініп, ол "құлдыққа түсті ме" деп алаңдайтындарын жеткізген болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети