28 сәуір 2015 11:17

Қазақстанда жыл сайын 300 адам өндіріс саласында қаза табады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Зардап шеккендердің басым бөлігі құрылыс саласындағы кәсіпорындар мен тау-металлургиялық кешендерінде, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Зардап шеккендердің басым бөлігі құрылыс саласындағы кәсіпорындар мен тау-металлургиялық кешендерінде, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біздегі оң өзгерістерге қарамастан, бүгінгі таңда қайғылы жағдайлардың болуы сақталып отыр. Бізде жыл сайын шамамен 2 мың адам қайғылы жағдайға тап болады. Өкінішке қарай, солардың 300-ге жуығы өліммен аяқталады", - деді денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Дәулет Арғындықов, Астанадағы еңбек пен өнеркәсіптік қауіпсіздікті сақтау туралы көрмені ашып.

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, өлім бойынша көрсетілген санның 70-тен аса пайызы жұмыс берушінің кесірінен болады. Өндірістік жарақат алудың ең жоғары көрсеткіші Қарағанды (275 адам зардап шеккен), Шығыс Қазақстан (228 адам), Қостанай (171 адам), Павлодар (170 адам), Ақтөбе (137 адам) облыстары мен Алматы қаласында (145 адам).

Зардап шеккендердің басым көпшілігі құрылыс саласындағы кәсіпорындарда - 407 адам және тау-металлургиялық кешендерінде - 298 адам.

Көрменің ашылуынан кейін болған мәслихатта айтылған мәліметтер бойынша, өндірістегі қайғылы жағдайлардың бәрінде бірдей жұмыс беруші тарапынан хабарлау болмайды. Сондықтан көбінесе жарақат алу жұмысшылардың наразылық шарасына шығуының ең негізгі себебі болады.

Қауіпсіздік пен еңбекті қорғау саласына жүргізілген тексеріс барысында мемлекеттік испекторлар 2014 жылы 1659 ұйғарым шығарып, жалпы сомасы 113 миллион теңгеге 1622 айыппұл салды.

Жұмысшылардың өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін 46 өндірістік нысан мен 107 құрылғы мен механизм өз жұмысын тоқтатып, 1495 лауазымды тұлға қызметінен босатылды. Құқық қорғау органдарына 1856 материал жіберіліп, 159 қылмыстық іс қозғалды.

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі таңда қауіпсіздік пен еңбекті қорғау бойынша кешенді жоспар жасалып жатыр, ол қауіпті еңбек жағдайындағы жұмыс орындарының қатарын біртіндеп қысқартып, өндірістік жарақаттың санын азайтуға жол ашады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети