НАУРЫЗДЫ ТОЙЛАУ. 19 НАУРЫЗ

Қазақстандық студент Солтүстік Кипрдегі полиция бөлімшесінде асылған күйі табылған

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Солтүстік Кипрде қазақстандық 22 жастағы студент Имран Османов белгісіз жағдайда қаза болған. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне марқұмның әпкесі Ирада Османова айтып берді. Оның айтуынша, оқиға 2016 жылдың 5 қаңтарында болған. Жігіт санаулы күндерден кейін 23 жасқа толар еді. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Солтүстік Кипрде қазақстандық 22 жастағы студент Имран Османов белгісіз жағдайда қаза болған. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне марқұмның әпкесі Ирада Османова айтып берді. Оның айтуынша, оқиға 2016 жылдың 5 қаңтарында болған. Жігіт санаулы күндерден кейін 23 жасқа толар еді. 

Ирада Османованың айтуынша, өзінің Кипрде оқып жатқанына 8 жыл болыпты. Ал інісі Имран оған 2015 жылдың маусымында келіп, шәкіртақысы бар негізде Британиялық университетке түсіпті.  

"Соңғы екі аптада оның Оңтүстік Кипрдегі күмәнді жігіттерімен байланысқанын байқадық, - дейді Ирада Османова. - Ұялы телефондағы хабарламаны оқып, одан біреулердің ақша талап етіп жатқанын білдік (...) Інім ақшасының жоқтығын айтып, жауап берді. Осыдан кейін інім мен оның достары букмекер конторасын тонауға кетті, бірақ ол ұсталып қалды, көшеде күтіп тұрған достары болса қашып кетіп, тіпті Солтүстік Кипр шекарасынан асып кеткен. Имран осынлайша полицияға түсті, келесі күні ол асылған күйі табылды. Біз бұған сенбейміз, істің тергелгенін қалаймыз, қазақстандық дипломаттардың бізге көмектескенін қалаймыз", - деді ол.  

Әйелдің айтуынша, іс жабылған, ал Османовтардың жаняұсына ешқандай да мәлімет бермей отыр. 

Tengrinews.kz тілшісі Қазақстанның Ішкі істер министрлігінен түсінік сүрады. Баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақовтың айтуынша, бұл іс Қазақстанның Израильдегі дипломаттарының бақылауында екен. 

"Бұл қайғылы оқиғадан хабардармыз, осыған байланысты Қазақстан СІМ дипломаттармен байланысты (...). Солтүстік Кипрді халықаралық қоғамдастық танымағандықтан, ол жақтан мәлімет алу қиын. Қазіргі уақыттта ҚР Израильдегі елшілігі қазақстандық студенттің өлімі туралы деректі бақылауға алып отыр. Ведомство өз тарапынан Қазақстан азаматы Имран Османовтың өлімінің жағдайларын білу үшін бар күш-жігерін салады", - деді Жайнақов.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 500.67  course up  546.52  course up  6.04  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer