Қазақстандық студенттің қаза табуын Қытайда жазатайым оқиға деп атады

16 Шілде, 17:04
0
Қазақстандық студенттің қаза табуын Қытайда жазатайым оқиға деп атады -

ҚР Сыртқы істер министрлігі Қытайда қаза тапқан қазақстандық студент қызға қатысты мәліметтерді жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Ведомстводағылар Нұр-Сұлтан қаласының 20 жастағы тұрғыны Сандира Серікханованың қаза табуын Қытайда жазатайым оқиға деп атағанын хабарлады.

"26 сәуірде Чанчжоу қаласындағы (Цзянсу провинциясы, ҚХР) Цзянсу провинциясының технологиялық университетінің студенті болған, ҚР азаматы, 1995 жылғы Сандира Серікханова тұрғын үйлердің бірінің 17-қабатынан құлап кетіп, қаза тапқан.

"Біздің азаматымыздың қаза табуы туралы ақпаратты алғаннан кейін Шанхайдағы ҚР Бас консулдығының қызметкерлері болған оқиға туралы Сандира Серікханованың ата-анасына дереу хабарлады, сондай-ақ ҚХР-ның Қазақстандағы Қытай елшілігінде қайтыс болған қыздың әкесіне және ағасына визаны шұғыл ресімдеуге көмек көрсетті", - дейді ведомстводағылар.

Олардың Чанжоуға келгеннен кейін ҚР Шанхайдағы Бас консулдығының қызметкерлері қоғамдық қауіпсіздік департаментінің өкілдерімен, қаза тапқан университет және сақтандыру компаниясының өкілдерімен кездесу ұйымдастырғаны айтылады.

"Қоғамдық қауіпсіздік департаментінде өткен кездесуде қаза болған адамның туған-туыстарына Сандира Серікханов қаза тапқан үйдің кіреберісінде орнатылған камералардан алынған бейнематериалдар көрсетілді. Тергеу әрекеттерінің нәтижелеріне сәйкес, өлім жазатайым оқиға салдарынан болғаны анықталды. Кісі өлтіру нұсқасы алып тасталды", - делінген ведомствоның баспасөз қызметінің хабарламасында. 

Сондай-ақ, министрлік өкілдері қазақстандық дипломаттардың Шанхайда қаза болған қыздың денесін тасымалдауға көмек көрсеткенін хабарлады. Қыздың денесі 2 мамырда Нұр-Сұлтанға жеткізілді.

"22 мамырда қайтыс болған адамның әкесі Шанхайдағы ҚР Бас консулдығында қызының қайтыс болуы туралы істі қайта жандандыруды өтінді. ҚР Бас консулдығы ҚХР полициясына тиісті өтініш жолдады, онда осы істі қайта қарау басталды. Істі қайта қарау қорытындысы бойынша Қытай полициясы марқұмның қайғылы оқиға салдарынан қайтыс болғанын растады. Кісі өлтіру нұсқасы қайта алып тасталды", - деп қорытындылады ҚР СІМ баспасөз қызметінің өкілдері. 

Осыған дейін Сандира Серікханованың әпкесі Альнура Ағаева оқиғаның мән-жайын айтып берген еді. Қыз бала Чанчжоу қаласындағы Jiangsu University of Technology оқу орнының үшінші курсында оқыған. 

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай