Кеден қызметкері Алматы әуежайында төбелес шығарды

26 Қаңтар 2017, 14:34
0
Кеден қызметкері Алматы әуежайында төбелес шығарды - Видеодан алынған кадр
Видеодан алынған кадр

Кеден қызметкері Алматы әуежайында төбелес шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оқиға видеоға түсірілген.

Алматы әуежайы мен жүк терминалындағы бекетті "Тарлан Сарбаз" фирмасы күзетеді. Осылайша, 2016 жылдың 9 желтоқсанында "Тарлан-Сарбаз" фирмасының 29 жастағы қызметкері Ғалымжан Сейділдаевқа кеден қызметкері шабуыл жасаған. 


Төбелестің видеосы 25 қаңтарда "Время" газетінде жарияланды.

Осы оқиғаға байланысты күзет нысанының басшысы Мәулен Дәркенбаев оқиғаның мән-жайын айтып берді. 

"Бұл оқиға былтыр 9 желтоқсанда болды. Төбелес әуежайдағы жүк терминалының маңында болған. Ережеге сәйкес, барлық адам тексерістен өтуі керек. Ол кезде террористік қауіптің сары деңгейі болған еді, - деді Дәркенбаев. Бақылау-өткізу пунктінен өтетін кез келген адам, полицей болсын, кеден қызметкері болсын - сырт киімін шешіп, сөмкесі мен ұялы телефонын сканер арқылы өткізуі тиіс. Біздің қызметкер Ғалымжан сыпайы түрде тексерістен өтуін сұраған, бірақ кеден қызметкері жауап ретінде оны ұрып жіберген. Бірақ соңында тексеруден өтіпті. Кеден қызметкері бұл әрекетін, яғни, бақылау-өткізу пунктінен өтуден не үшін бас тартқанын түсіндірмеді", - деді Мәулен Дәркенбаев.

Дәркенбаевтың айтуынша, "Тарлан-Сарбаз" күзет фирмасы Алматы қалалық Мемлекеттік кірістер департаментіне ресми түрде хат жазды. Күзет фирмасындағылар кеден қызметкерінің әрекетін, сондай-ақ, төбелес түсірілген видеоны көрсеткен. Ал департаменттегілер болса, Асқар Шәкіртовтің тәртіптік жазаға тартылғанын айтқан.

"Тексеру шараларының барысында қызметкердің мемлекеттік қызметкерлердің әдебі кодексі нормаларын бұзғаны анықталды. Осыған байланысты "Жетісу" кеден бекетінің маманы Асқар Шәкіртов тәртіптік жауапкершілікке тартылып, сөгіс алды", - делінген департаменттің жауабында.

"Осыдан кейін кеден қызметкері бізге келген жоқ. Ғалымжаннан да кешірім сұрамады. Біз кешірім сұрауын талап етеміз. Ғалымжан біздегі ең мықты қызметкерлердің бірі, сыпайы және сауатты жігіт", - деді Мәулен Дәркенбаев.

Сондай-ақ, алматылық әуе айлағының басшылығы да осы оқиғаға қатысты пікір білдірді. "Кеден қызметкерінің бұл әрекеттері таңғалдырды. Олар мемлекеттік қызметкерлерге кір келтіріп жатыр. Мемлекеттік қызметкерлер үлгі болуы керек", - деді "Халықаралық Алматы әуежайы" АҚ вице-президенті Әлібек Мәжікенов.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай