15 ақпан 2017 14:22

Кеден қызметкері мен шекарашы Қытайдан Қазақстанға киіз үй алып өтпек болғандардан ақша бопсалаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© azh.kz © azh.kz

Кеден қызметінің маманы Қытайдан Қазақстанға үш киіз үйді бажсыз алып өту үшін Шығыс Қазақстан облысындағы кәсіпкерден әр киіз үй үшін 35 мың теңге сұраған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Кеден қызметінің маманы Қытайдан Қазақстанға үш киіз үйді бажсыз алып өту үшін Шығыс Қазақстан облысындағы кәсіпкерден әр киіз үй үшін 35 мың теңге сұраған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жемқорлық туралы іс Өскемен қалалық гарнизонының сотында қаралды. Сот мәліметінше, ШҚО-дағы кәсіпкерге Қытайдан Қазақстанға үш киіз үй алып келмек болған. Бірақ ол әрбір киіз үй үшін ірі көлемде баж төлегісі келмеген.

Содан кәсіпкердің шекара қызметінде жұмыс істейтін танысы кеден қызметіндегі маманмен сөйлесіп, оның көмектесе алатынын айтқан. Кеден қызметкері әрбір киіз үй үшін 35 мың теңге сұраған. Содан кәсіпкер осы ұсынысқа келіскен, бірақ кейіннен бұл туралы құқық қорғау органдарындағыларға айтып берген. Нәтижесінде кеден қызметінің маманы ақша алып жатқан жерінен ұсталған. Енді екеуі де мемлекетке 6 миллион теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети