06 қаңтар 2020 11:11

Көк-Төбеде баланың әткеншектен құлауы: тергеу жүріп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы полицейлері Көк-Төбеде "Катапульта" әткеншегінен баланың құлау дерегіне байланысты сотқа дейінгі тергеу шараларын бастады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Алматы полицейлері Көк-Төбеде "Катапульта" әткеншегінен баланың құлау дерегіне байланысты сотқа дейінгі тергеу шараларын бастады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Осыған дейін құқық қорғау органдары өкілдері баланың батуттан құлағанын айтқан еді. 

"Баланың туыстары ешкімге қарсылығы жоғын айтты. Туыстары баланың әткеншектен абайсызда өзі құлағанын айтты. Жәбірленуші тарап шағым беруден бас тартқанына қарамастан, Медеу аудандық полиция басқармасында Қылмыстық кодексінің 306-бабында "қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау немесе қызмет көрсету" көзделген құқық бұзушылық белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу тіркелген", - делінген Алматы полициясы департаментінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Осыған дейін, Желіде әткеншектен құлаған адамның видеосы жарияланды. Видеода әткеншекке отырған жігіт не жасөспірімнің секіргелі тұрғаны түсірілген. Нұсқаушыға ұқсас ер адам оны ұстап тұрады. Кадрдан тыс жерде тұрған адам әткеншекте отырған балаға басын көтеруге кеңес берген, алайда басқалар олай істемеуге шақырады. Осыдан кейін әткеншек іске қосылады, алайда ондағы адам жерге құлайды. Видеодан сақтандыру белбеуі дұрыс бекітілмегенін байқауға болады. 

Видео сипаттамасында оқиғаның Алматы қаласындағы Көк-Төбеде болғаны айтылады. Айта кетейік, бұл саябақта расымен осындай әткеншек бар. Сонымен қатар, осыған дейін, 13 жастағы жасөспірім батуттан құлағаны туралы айтылған еді. Полиция мәліметінше, баланың өзі абайсызда құлағаны және баланың ата-анасы қарсылық білдірмегенін айтқан.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети