31 наурыз 2014 | 14:33

Көкпектіде құрбан болғандардың бес адам екені расталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Қарағанды облыстық ТЖД баспасөз қызметі ©Қарағанды облыстық ТЖД баспасөз қызметі

Қарағанды облысының Бұқар жырау ауданындағы Көкпекті ауылында тасқын құрбандары санының бес адамға жеткені расталды. Бұл туралы Tengrinews.kz  тілшісі Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 


Иконка комментария блок соц сети

Қарағанды облысының Бұқар жырау ауданындағы Көкпекті ауылында тасқын құрбандары санының бес адамға жеткені расталды. Бұл туралы Tengrinews.kz  тілшісі Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

"Қазіргі уақытта бөгет шайылып кеткен кезде бес адамның қайтыс болғаны анықталды, зардап шеккендердің саны анықталып жатыр. 300-дей үйді су басты, екі үй ішінара қираған. Жалпы шығын есептеліп жатыр. Құқық қорғау органдары тұрақты қадағалау жүргізіп жатыр, олар тонаушылыққа жол бермеу үшін аулаларды аралап шығып отырады", - делінген таратылған хабарламада. 

Қарағанды облысының әкімі Бауыржан Әбдішев Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божкомен бірге су басқан аумақтарды шолып шықты. Тұрғындармен кездесіп, олардың ешқайсысының жәрдемсіз қалмайтынын айтты. 

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, сағат 12.00-дегі жағдай бойынша топан судың беті қайтқан, қазір жертөлелер мен ұралар ғана суға толып тұр, аулалардан су далаға айдалып жатыр. Арнайы комиссия табиғи апаттың шығынын есептеуге кірісіп кетті.

Еске салайық, 31 наурызға қараған түні Көкпекті суқоймасы тасып, іргедегі ауылды топан су басқан болатын. Алғашқыда төрт адамның қаза тауып, тағы тоғыз адамның зардап шеккені хабарланды. 400 адам қауіпсіз жерге, өзге ауылдардағы туыстарының үйіне көшірілді. Төтенше оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети