17 қараша 2014 16:33

Колледждегі жарылыстан зардап шеккен бес адам жансақтау бөлімінде

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Дмитрий Хегай ©Дмитрий Хегай

Жедел медициналық жәрдем ауруханасының (ЖМЖА) дәрігерлері колледждегі жарылыстан зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Алматыдағы колледжде граната жарылысы 17 қараша күні 08.40-та болды.


Жедел медициналық жәрдем ауруханасының (ЖМЖА) дәрігерлері колледждегі жарылыстан зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Алматыдағы колледжде граната жарылысы 17 қараша күні 08.40-та болды.

"Ауруханаға 12 адам келіп түсті, болжам бойынша барлығы да - колледж студенттері. Олар басы мен кеудесіне жарықшақ тиіп жарақаттанған, контузия алған. Оның бесеуіне ота жасалды. Қазір олар жансақтау бөлімінде жатыр, жағдайлары әлі де ауыр. Зардап шеккен жетеуіне алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Студенттер есеңгіреп қалған, олармен психологтар жұмыс жасап жатыр. Жедел медициналық көмек ауруханасына түскендердің ішінде мұғалім жоқ", - деді ЖМЖА бас дәрігері Марат Сейдуманов.

Колледждегі жарылыстан зардап шеккен 12 жасөспірім 1997-1998 жылы туылған. Дәрігерлердің мәліметінше, Карпачева Ю.Ю. құрсақ қуысындағы ойық жараларымен, талақтың жыртылуы диагнозымен, Арман М.А - кеудедегі ойық жара диагнозымен, ал Ярошенко М.П - бассүйек-ми ашық жарақаты, мидың шайқалуы, сол көз ұяшығының зақымы, сол иығының сынуы диагнозымен түскен.

Гранатаның жарылуынан зардап шеккен Әділбек М.Р бассүйек-ми жабық жарақатын алған, дәрігерлер сонымен бірге "оң жақ гидротораксы" диагнозын қойды. Мякинский М.А бассүйек-ми жабық зақымын алған, арқасына көп жарықшақ тиген, Исамединов И.Т - бассүйек-ми ашық жарақатын алған, Хамладзе Л.Р бассүйек-ми жабық жарақатын алды, миы шайқалған. Мұнымен қатар, дәрігерлердің мәліметінше, Жақыпбаева А.Р бассүйек-ми жабық жарақатын алған, көптеген жарықшақ тиген, Шепенева Д.А. - екі қолына көптеген жарықшақ тиген. Ескендір Н.Н денесіне жарықшақ тиген, Аминов М.Х. болса бассүйек-ми жабық жарақатын алып, миы шайқалған.  

Еске сала кетейік, 17 қараша күні сағат 08.40-те Алматы сән және дизайн колледжінің екінші қабатында граната жарылған еді. Төтенше оқиға салдарынан бір студент қыз қайтыс болды, 12 адам зардап шекті. Төтенше оқиға дерегі бойынша "Абайсызда кісі өліміне әкеліп соқтыру" және "Қару-жарақты, оқ-дәріні, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, сату, сақтау, тасымалдау немесе ұстау" баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 451.08   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети