23 қаңтар 2015 16:26

Алматы колледжіндегі жарылыс: Алғашқы әскери дайындық мұғалімдерін қамау мерзімі ұзартылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жарылыстан кейінгі колледж ғимараты. ©Владимир Прокопенко Жарылыстан кейінгі колледж ғимараты. ©Владимир Прокопенко

Алматы сән және дизайн колледжіндегі алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Ғабит Қарабалаев пен бұрынғы мұғалім Юрий Гавриленконы қамауға алу мерзімі ұзартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының қаулысына сәйкес, Қарабалаевты қамауда ұстау мерзімі 2015 жылдың ақпан айының 17-сіне дейін, ал Гавриленконы ұстау мерзімі 2015 жылдың ақпан айының 19-ына дейін ұзартылды.


Алматы сән және дизайн колледжіндегі алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Ғабит Қарабалаев пен бұрынғы мұғалім Юрий Гавриленконы қамауға алу мерзімі ұзартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының қаулысына сәйкес, Қарабалаевты қамауда ұстау мерзімі 2015 жылдың ақпан айының 17-сіне дейін, ал Гавриленконы ұстау мерзімі 2015 жылдың ақпан айының 19-ына дейін ұзартылды.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Алмалы аудандық сотында ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабының 3-бөлігімен ("Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру") және 104-бабының 1-бөлігімен ("Абайсызда қазаға ұшырату") Қарабалаев пен Гавриленконы қамауға алу мерзімін ұзарту туралы тергеушінің талап өтініші қаралды.

Еске сала кетейік, 17 қараша күні сағат 08.40-та Алматы сән және дизайн колледжінің екінші қабатында алғашқы әскери дайындық сабағында граната жарылған болатын. Оқиға салдарынан бір студент қыз қайтыс болып, 12 адам ауруханаға түсті, тағы үш адам дәрігерлерге өз еркімен көрінді. Болған оқиға дерегі бойынша "Абайсызда кісі өліміне әкеліп соқтыру" және "Қару-жарақты, оқ-дәріні, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, сату, сақтау, тасымалдау немесе ұстау" баптарымен қылмыстық іс қозғалды. 

Граната жарылысы болған кезде алғашқы әскери дайындық пәнінен сабақ берген мұғалім Ғабит Қарабалаевқа 20 қараша күні аталған баптар бойынша айып тағылды. Педагог екі ай мерзімге тұтқындалды. Ол колледжде 2013 жылдың қыркүйегінен бері жұмыс істейді. 22 қараша күні сот Алматы сән және дизайн колледжінде бұрын алғашқы әскери дайындық пәнінен сабақ берген Юрий Гавриленконы да тұтқындады. Ол да екі айға қамауға алынды, оның үстінен "Қару-жарақты, оқ-дәріні, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, сату, сақтау, тасымалдау немесе ұстау" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу материалдарына қарағанда, 2010 жылы Гавриленко Алматыда РГД-5 әскери гранатасы мен түрлі нысандарды жаруға, бұзуға, жоюға арналған УЗРГМ-2 жарылғыш затын сатып алады да, оларды колледждің алғашқы әскери дайындық пәнінің материалдық құндылықтар бөлмесіне сақтайды. Бұрынғы мұғалімнің бұл заттарды қайдан және не үшін сатып алғаны нақтыланған жоқ.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети