19 ақпан 2020 09:54

Қордайда қақтығыс кезінде жаңа туған сәбидің анасы қыздың қалай аман қалғанын айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қордай ауданының тұрғындары. Фото: Әлихан Сариев Қордай ауданының тұрғындары. Фото: Әлихан Сариев

Қордайдағы қақтығыстан кейін ауыл тұрғындары үйлерін тастап кетіп жатты. Олар Қырғызстанмен шекараға барып, қоныс таппақшы болған. Нәтижесінде көрпеде ораулы жатқан дүниеге келгеніне небәрі 25 күн болған сәби дем ала алмай қалған. Сәбидің анасы Фатима Бағиева Tengrinews.kz тілшісіне жаңа туған қыздың қалай аман қалғанын айтып берді.


Қордайдағы қақтығыстан кейін ауыл тұрғындары үйлерін тастап кетіп жатты. Олар Қырғызстанмен шекараға барып, қоныс таппақшы болған. Нәтижесінде көрпеде ораулы жатқан дүниеге келгеніне небәрі 25 күн болған сәби дем ала алмай қалған. Сәбидің анасы Фатима Бағиева Tengrinews.kz тілшісіне жаңа туған қыздың қалай аман қалғанын айтып берді.

Айта кетейік, осыған дейін әлеуметтік желілерде Қордайда қақтығыс кезінде сәбидің қайтыс болғаны туралы хабарламалар тараған еді.

Екі баланың анасы Фатиманың айтуынша, Қордайда болған қақтығыстан кейін олар Қырғызстандағы туыстарына бармақшы болған. Тұңғышы таңертең атасы және апасымен кетіп қалған.

"Олар ертерек шекарадан өтіп кетті, 8 ақпанда шамамен таңғы сағат 3-4-те. Ол кезде адамдар да көп болмады. Содан біз де түске қарай қызымызбен шықтық. Қызымды көрпеге орап, қысып ұстап жүрдім. Себебі ол жөтеліп жүрген еді, ауырып қала ма деп қорықтым. Шекарадан өтем дегенше 1-2 сағат өтті. Бір сәтте қызым есінен танып қалды. Қатты ыстықтағаннан болар деп ойладым", - дейді Фатима Бағиева.

Оның айтуынша, бастапқыда баланың тамағы қарлыға бастады.

"Көрпені ашып қарасам, дем алып жатқан жоқ. Қасымда тұрған әйел қызымның есінен танып қалғанын айтты. Мен жаспын ғой, дұрыс білмеймін. Сосын ол бізге тез арада дәрігерге көріну керегін айтты. Қатты қорқып кеттім, айғайлай бастадым. Шекара тұрғандардан ең болмаса қызымды беріп жіберуді сұрадым. Содан мен қызды қақпадан өткізіп, дәрігерлерге көрсеттім. Олар алғашқы көмекті көрсетті", - дейді қыздың анасы.

Фатиманың айтуынша, біраз уақыттан соң қызы жылай бастаған, қарны ашқан. 

"Сосын бізді ауруханаға жатқызды, онда екі күн жаттық. Кейін бізді Қордайдағы ауруханаға жеткізді. Ол ауруханада 7 күн жаттық, қазір үйдеміз", - дейді ол.

"Денсаулығы жақсы. Дәрігерлер ауруханада шығаратын кезде барлығы дұрыс деді. Тек ұйқысы нашар. Көп болса 10-15 минут ұйықтайды да, артынша жылап оянады. Қолымнан түсірмеймін. Бастысы қазір жағдайы жақсы", - дейді 21 жастағы келіншек.

Еске салайық, 7 ақпанда Жамбыл облысы Қордай ауданы Масанчи ауылында тұрғындар арасында жаппай төбелес болған еді. Жаппай төбелеске 300-ге жуық адам қатысқан. Ауқатты ауылы және Бұлан Батыр ауылдарында жанжал шықты. Бұзақылар металл заттарын, атыс қаруын қолданған болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети