1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Тосын жай

Қорғастағы төбелестің видеосы пайда болды 25 қыркүйек 2018, 09:04

"Қорғас" ШЫХО аумағында соққыға жығылған қазақстандық шекарашының видеосы пайда болды. Оқиға орнынан видеоны күдіктінің қорғаушысы жолдады,
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

"Қорғас" ШЫХО аумағында соққыға жығылған қазақстандық шекарашының видеосы пайда болды. Оқиға орнынан видеоны күдіктінің қорғаушысы жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Қорғаушының нұсқасы бойынша, шекарашы мен қорғалушы сөзге келіспей қалған, ол кейін жанжалға ұласқан. Қорғаушының айтуынша, төбелесті бастаған әскери қызметкер.

Алматы облысы ІІД өкілдерінің хабарлауынша, күдікті қамалды. 

"Панфилов аудандық соты тергеу барысында күдіктінің қамауға алынуына рұқсат берді. Күдікті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 380-бабына сəйкес "Билік өкiлiне қатысты күш қолдану" қамауда, ал  қылмыстық тергеуді Панфилов аудандық полиция бөлімінің тергеушілері жүргізіп жатыр", - деді Алматы облысы ІІД ресми өкілі Көбейхан Нұрахмет.

20 қыркүйекте "Қорғас" ШЫХО территориясында қазақстандық шекарашы соққыға жығылды деп хабарланды. Салдарынан ефрейтор Нұржан Молдаш құлап түсіп, тасжолға басын ұрып, есін жоғалтып алған. Оқиға орнына жедел жәрдем шақыртылған. 

Шекарашыны ұрған жігіт ұсталып, Қорғас полиция бөліміне тапсырылған. Ол уақытша ұстау изоляторында.



Join Telegram