04 қаңтар 2018 16:43

Көшелер, үйлер мен мектепті ыстық су басты: Қарағандыдағы коммуналдық апаттың салдары

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандыда 4 қаңтарда таңғысын жылу құбыры жарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қарағандыда 4 қаңтарда таңғысын жылу құбыры жарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Су екі ықшамаудан аумағына жайылды. 18 және 19 ықшамаудан тұрғындарының сөзінше, таңертең олар көшеге шыға алмаған. Мектеп те су астында қалып, жиһазды бірінші қабатқа көтерген. 

Тұрғындар жарықсыз және сузыз қалды. Полиция Майқұдықтың орталық көшесі Магнитогорск бойындағы қозғалысты тоқтатқан. 

"Қарағанды жылутранзиті" ЖШС баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, сағат 09:55-те 19 ықшамаудандағы М3 жерасты құбырынан диаметрі 1020 миллиметр ақау табылған. "Апат-қалыпқа келтіру бригадасы жедел түрде 188 тұрғын үй, 21 жекеменшік үй мен 39 заңды тұлға нысандарын М4 жылу магистраліне қосты.  

Ақауды жоюға құрамында 25 адам және 10 бірлік техника бар үш бригада жұмылдырылған. Қаланың коммуналдық қызметтері жолды тазалап жатыр. Жөндеу жұмыстары сағат 20:00-де аяқталады деп жоспарланған. 

Айта кетейік, "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы аясында 2018 жылы М3 магистралінің бұл аумағы жаңартылады. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети