19 қаңтар 2019 13:38

Қостанай облысында жол апатынан үш адам қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанай облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан үш адам қаза тапты, - деп хабарлайды "Алау".


Қостанай облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан үш адам қаза тапты, - деп хабарлайды "Алау".

Жол апаты 18 қаңтарда "Қостанай - Қарабұтақ тасжолында Рудный мен Тобыл ауылының ортасында Набережиний ауылына жақын маңда болған. Өңірлік ПД баспасөз қызметінің өкілдері Renault Duster маркалы автокөлік тізгінінде болған 34 жастағы әйел мұзтайғақта басқаруды игере алмай, жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, автобуспен соқтығысқан. 

Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші мен екі жолаушы оқиға орнында қаза тапты. Өңірдегі ЖШС-лардың біріне тиесілі қызметтік автобуста болғандар зардап шеккен жоқ. 

Қазіргі уақытта осы дерекке қатысты ҚР қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети