Қостанай облысында жүргізуші үш адамды қағып өлтірді

16 Қазан 2017, 11:10
0
Қостанай облысында жүргізуші үш адамды қағып өлтірді -

Қостанай облысында болған жол апатынан үш жаяу жүргінші қаза тапты, - деп хабарлайды alau.kz облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ІІД мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 14 қазанда шамамен сағат 1.30-да Жітіқарада Жібек жолы мен Уәлиханов көшелерінің қиылысында болған. 23 жастағы жүргізуші "Лада" көлігімен 36, 55, 51 жастағы үш жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Ал кейінірек оқиға орнынан жасырынған, бірақ полиция қызметкерлері оны ұстай алды.

"Жол апаты салдарынан 51 және 55 жастағы ер адамдар алған жарақаттарынан Жітіқараның орталық аудандық ауруханасында көз жұмды, ал үшінші адам да ауыр жағдайда жатып, кейінірек көз жұмған", - деп хабарлады ІІД баспасөз қызметіндегілер.

ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Сот сараптамалары тағайындалды.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай