Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Тосын жай

Қостанайда 13 жастағы оқушы 4-қабаттан құлап кетті 28 мамыр 2023, 09:10

Қостанайда жасөспірім төртінші қабаттың терезесінен құлап кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі alau.kz сайтына сілтеме жасап.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

Фото: pixabay.com Фото: pixabay.com

Қостанайда жасөспірім төртінші қабаттың терезесінен құлап кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі alau.kz сайтына сілтеме жасап.

27 мамырда сағат 11:00 шамасында 13 жастағы оқушы қыз Шаяхметов көшесіндегі үйдің төртінші қабатындағы пәтер терезесінен құлап кеткен. Оқиғаға куә болған көршілер полицияға хабарлаған. Жедел жәрдемді де, сол кезде жұмыста болған ата-анасын да солар шақырған.

Әңгіме жүргізу кезінде мектеп оқушысы терезеден қараймын деп салғырттығынан құлап қалғанын түсіндірген. Бұл кезде пәтерде 9 жастағы сіңілісі мен 2 жастағы інісі болған. Жәбірленуші түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

Қостанай облыстық ПД бұл аймақтағы жыл басынан бергі сегізінші оқиға екенін хабарлады.

Полицейлерден балаларды қараусыз қалдырмауды сұрайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

  • ПОДЕЛИТЬСЯ

Join Telegram