1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Тосын жай

Қостанайда 6 жасар баланы қағып өлтірген жүргізуші сотталды08 тамыз 2016, 12:52

© ptzgovorit.ru © ptzgovorit.ru

Қостанайда 6 жасар баланы қағып өлтірген жүргізушіге сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Іс материалдары бойынша, 4 наурызда таңғы уақытта Андрей Ковальчук Lada автокөлігін жүргізіп келе жатып, бақылаусыз жаяу жүргіншілер арналған жолдан өтіп бара жатқан жаяу жүргіншілерге жол бермей, әйел адам мен 6 жастағы баланы қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасынан бала облыстық балалар ауруханасына жеткізіліп, жансақтау бөліміне жатқызылған. Алайда ол сол жерде қаза тапқан.

Сот ер адамға 2,5 жыл бас бостандығынан айыру жазасын кесті және ол көлік басқару саласында бес жыл бойына қызмет ете алмайды. Ол жазасын қоныс колониясында өтейді. Сондай-ақ, сот сотталушыдан жәбірленуші тарапқа моральдық өтемақы ретінде 1 500 000 теңге өндіру туралы шешім шығарды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.


Алматыда митинг өтті