31 тамыз 2018 12:37

Қостанайда баспанасы өртеніп кеткен көпбалалы отбасы көмек сұрайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Қостанайда көпбалалы отбасы өрттен зардап шегіп, көмек сұрап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Алау" порталына сілтеме жасап.


Қостанайда көпбалалы отбасы өрттен зардап шегіп, көмек сұрап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Алау" порталына сілтеме жасап.

"Бізде үлкен қасірет болды. Бір сәтте барымыздан айырылдық. 29 тамызда сағат 18.00-де электр тогында тұйықталу болған. Біз балалармен серуендеп келген кезде үйіміздің өртеніп жатқанын көрдік. Көршіміз газды жауып беріп көмектесті. Өртсөндірушілерді шақырдық. Балалар бөлмесі, жатын бөлме мен ас үй өртеніп кетті. Біз барлық қостанайлық қайырымды жандардан киім-кешек, құрылыс заттарымен көмек көрсетуді сұраймыз", - деді Кристина Батт.

Отбасында 4 ұл бар. Жастары 7, 6, 3 жас және 6 ай. "Барлық мүмкіндігі бар жандардан көмек сұраймыз. Жөргек, балаларға арналған қосымша тағам, мектеп құралдары, мектеп формасы қажет. Үлкен ұлдарға мектепке бару керек. Ал оларда ештеңе жоқ, бәрі жанып кетті", - деп көзіне жас алды әйел. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети