Қостанайда BMW жүргізушісі зейнеткерді қағып өлтірген

26 Тамыз 2016, 10:28
0
Қостанайда BMW жүргізушісі зейнеткерді қағып өлтірген - © belnaviny.by
© belnaviny.by

Жол-көлік оқиғасы 25 тамызда сағат 18.00-де болған. Бұл туралы "Алау" ақпараттық порталы Қостанай облысы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Полиция Қостанай қаласының Чернышевский Сералин көшелерінің қиылысында болған оқиғаға байланысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын ҚР Қылмыстық Кодексінің 345 бабы 3-бөлімі ("Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы немесе абайсызда адам өліміне әкеп соғу") бойынша бастады.

"1983 жылы туған жүргізуші BMW автокөлігін басқара отырып, 80 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Зейнеткер алған жарақатынан оқиға орнында қаза тапты, - деді облыстық ІІД-нің өкілдері.

Қазіргі кезде жүргізушіге қатысты қандай бұлтартпау шаралары қолданылатыны қаралып жатыр.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай