23 тамыз 2015 08:07

Қостанайда бір әйел көлігімен баланы соғып, қашып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Қостанайда бір әйел көлігімен баланы соғып, оқиға орнынан қашып кетті, - деп хабарлайды "Алау".


Қостанайда бір әйел көлігімен баланы соғып, оқиға орнынан қашып кетті, - деп хабарлайды "Алау".

Жол-көлік оқиғасы 22 тамызда түскі уақытта Урожайная көшесінің бойында болды. Куәгерлердің айтуынша, қара түсті "Нива" көлігі жаяу жүргінші жолында бір қызды қағып кетіп, оны жолда қалдырып, оқиға орнынан із жасырған. Қыз ауыр жағдайда ауруханаға түсті.   

Қалада "Жедел ұстау" жоспары жарияланды. Бір сағаттан кейін куәгерлер суреттеп берген көлікке ұқсас "Нива" тоқтатылды. Көлікке дол оқиғасына сәйкес зақымдар келген. Тізгінде 1990 жылғы қыз отырған. Оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети