07 тамыз 2017 14:05

Қостанайда жантүршігерлік жол апаты болды: Полицей көлік тізгінінде ұйықтап кеткен

ПОДЕЛИТЬСЯ

© kstnews.kz © kstnews.kz

Қостанайда жантүршігерлік жол апаты болды. Полицей көлік тізгінінде келе жатып ұйықтап кеткен, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Қостанай облыстық соттың баспасөз қызметінің өкіліне сілтеме жасап. 


Қостанайда жантүршігерлік жол апаты болды. Полицей көлік тізгінінде келе жатып ұйықтап кеткен, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Қостанай облыстық соттың баспасөз қызметінің өкіліне сілтеме жасап. 

Қостанай қалалық № 2 сотының судьясы Қостанай қалалық ІІБ уақытша ұстау изоляторының кезекші полицейі 1995 жылғы М. есімді азаматты екі айға қамауға алу бұлтартпау шарасына үкім шығарды. Оған ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі ("Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы") бойынша айып тағылды. 

"Іс материалдары бойынша, 30.07.2017 жылы шамамен 05:45-те М. "Ваз Приора" маркалы көлігінің тізгінінде ұйықтап кеткен. Бағдаршамның рұқсат етілмеген түсіне өтіп кеткен ол "Лада Гранта" көлігіне соғысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші О.Янковский алған жарақатынан қайтыс болған.

Сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. 

Еске салайық, 30 шілдеде Қостанайда ІІБ қызметкері мен такси жүргізушісі соғысқан. "Лада Гранта" жүргізушісі ауруханаға жеткізілген, алайда ол көп ұзамай жансақтау бөлімінде қайтыс болды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети