19 мамыр 2023 09:01

Қостанайда жеңіл көлік науқас отырған жедел жәрдемді соқты

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанайда жеңіл көлік науқасты алып бара жатқан жедел жәрдемді соқты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ng.kz сайтына сілтеме жасап.


Қостанайда жеңіл көлік науқасты алып бара жатқан жедел жәрдемді соқты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ng.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға 18 мамырда Абай және Назарбаев даңғылдарының қиылысында болған. Жедел жәрдем ауруханаға жүрек талмасы бар науқасты алып бара жатқан. Олар жол қиылысынан бағдаршамның қызыл түсіне өтіп бара жатқан, бірақ ескерту сигналдарын қосқан.

"ВАЗ автокөлігінің 65 жастағы жүргізушісі бағдаршамның қызыл түсіне сигналын қосып келе жатқан жедел жәрдем көлігін жібермеген", - деді Қостанай облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.

Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәліметінше, жедел жәрдем бригадасы жедел миокард инфарктісіне шалдыққан 69 жастағы науқасты облыстық ауруханаға жедел түрде апара жатқан.

"Бұл жедел шақырудың 1-санаты. Зардап шеккендер жоқ. Науқасты басқа жедел жәрдем бригадасы ауруханаға жеткізді", - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы өкілдері.

ВАЗ жүргізушісіне қатысты 610-бап бойынша әкімшілік іс қозғалған. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізу қаулысын мамандандырылған сот шығарады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети