30 қараша 2023 15:18

Қостанайда құрылыс краны құлады: бір адам қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Қостанайда салынып жатқан нысанда құрылыс краны құлап, салдарынан бір адам оқиға орнында көз жұмды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қостанайда салынып жатқан нысанда құрылыс краны құлап, салдарынан бір адам оқиға орнында көз жұмды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тілшіге облыстық Полиция департаменті берген мәлімет бойынша, оқиға бүгін сағат 12:50-де болған.

"Шаяхметов көшесіндегі салынып жатқан нысанда кран құлады, салонда 49 жастағы ер адам болған, ол алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.

Дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 277-бабы 2-бөлігі "Адам өліміне әкеп соқтырған тау-кен жұмыстарын немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу" бойынша соталды тергеу басталды", - деді Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.

Оқиға орнында барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Кранның құлау себебі анықталып жатыр, деп қосты полицейлер.

Басқа ақпарат тергеу шеңберінде жарияланбайды.

Куәгер суреті

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети