26 қыркүйек 2016 10:14

Қостанайда мысықты құтқарғысы келген алты жасар баланы көлік басып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© khabar.kz © khabar.kz

Қостанайда мысықты құтқарғысы келген алты жасар баланы көлік басып кетті, - деп хабарлайды "Қостанай жаңалықтары"


Қостанайда мысықты құтқарғысы келген алты жасар баланы көлік басып кетті, - деп хабарлайды "Қостанай жаңалықтары"

Оқиға 23 қыркүйекте Авиационная көшесінде болған. ІІД өкілдерінің мәліметінше, 25 жастағы жүргізуші артқа қарай жүріп келе жатып, баланы басып кеткен. Баланың мысықты құтқарамын деп көлікке жақындағаны белгілі болды. 

Абырой болғанда, бала құтқарылды. Қазіргі уақытта ол облыстық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр екен. Жүргізуші өз кінәсін мойындап отыр. Басылымның мәліметінше, ол ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 1-бөлігі (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша жазалануы мүмкін.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети