31 қаңтар 2019 13:39

Қостанайда оқушының әкесі мұғалімнің жағын сындырған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© novgazeta.by © novgazeta.by

Қостанайда Горький атындағы гимназияда 22 қаңтарда дене шынықтыру пәнінің мұғалімін соққыға жыққан, - деп хабарлайды "Костанайские новости".


Қостанайда Горький атындағы гимназияда 22 қаңтарда дене шынықтыру пәнінің мұғалімін соққыға жыққан, - деп хабарлайды "Костанайские новости".

Гимназия директоры Ирина Шушпанованың айтуынша, сол күні оқушы қыздардың бірінің әкесі мектепте болған, сынып жетекшісімен қызының үлгерімі жайлы сөйлескен. 

 "Дене шынықтыру пәні мұғалімінің айтуынша, ол сабақта қызға бірнеше рет ескерту жасаған. Алайда қыз оны елемеген. Сол кезде ол әдепсіз сөз айтқан. Бұл балағат сөз емес, бірақ ар-намысқа тиеді. Әкесі мектепте жүргенін білген қыз барлығын айтып берген. Осы кезде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі оқушыларды спортзалдан сыныпқа алып келіп, өз жұмыс орнына бара жатқан. Сол жерде 2-сыныпта оқитын қыздың әкесі мұғалімнің атымен айғайлаған. Дәл сол мұғалім екенін білген ер адамды соққыға жыға бастаған. Оның жағын сындырған. Барлығы дәлізде болған, ешкім болмаған, бірақ осы жағдайдың барлығын оқушы қыз көріп тұрған", - деді Ирина Шушпанова. 

Басылым мәліметінше, мұғалімді жедел жәрдем алып кеткен. Қазіргі уақытта ол қысқа мерзімді есте сақтау мүмкіндігінен айырылғанын айтады. Ал қыздың әкесі өзін кінәлі деп санамайтынын айтып отыр.

Жәбірленуші мұғалім құқық қорғау органына жүгінген. Қыздың әкесі де ар-намысқа тиетін сөз айтқан үшін шағымданатын шығар. Видеокамералар соққыға жығу процесін түсіріп алған. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети