02 мамыр 2019 10:09

Қостанайда полицей жаяу жүргіншіні қағып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© NewsTracker © NewsTracker

Қостанайда жаяу жүргіншілерге арналған жолмен кетіп бара жатқан әйелді көлік қағып кетті, - деп хабарлайды "Диапазон"


Қостанайда жаяу жүргіншілерге арналған жолмен кетіп бара жатқан әйелді көлік қағып кетті, - деп хабарлайды "Диапазон"

Қостанай облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға таяуда түскі уақытта болған. 

"Қостанайда әл-Фараби даңғылы мен Чехов көшесінің қиылысындағы жаяу жүргіншіге арналған жолда әйелді көлік қағып кетті. Көлік тізгінінде Рудный учаскелік полиция инспекторы болған", - деді ведомство өкілдері. 

Учаскелік полицей 1971 жылғы зардап шеккен әйелге алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жедел жәрдем шақырған.Қазіргі уақытта әйел Қостанай қалалық ауруханасында жатыр. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети